Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Инфекционист коронавирусқа қарсы күресте бірден екі маска тағуды ұсынды

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі сурет: pixabay.com

АҚШ-тың бас инфекциялық маманы коронавирусты жұқтырып алмау үшін бірден екі маска тағып жүруді ұсынды.

Аллергия және жұқпалы аурулар ұлттық институтының директоры доктор Энтони Фаучи COVID-19 дертін жұқтырып алмау үшін бірден екі маска тағуға кеңес берді деп хабарлайды CNN.

"Менің айтайын дегенім, тамшылар мен вирустардың кіруіне жол бермейтін физикалық жабынның екі қабаттан құралуы. Егер сізде масканың бір қабаты болса және оның үстіне екіншісін қабаттасаңыз, онда тиімдірек болады", - деді Фаучи.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы адамдарға қоғамдық орындарда және кез келген жағдайда маска тағуды ұсынады.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдыққандар туралы мәлімет жаңарған еді. Қауіпті дертті жұқтырып алғандардың саны елімізде күрт артқан.

Сонымен қатар, қазақстандық төрт азамат өздерімен бірге Дубайдан коронавирус "алып" келгені хабарланған болатын.

Одан бөлек, Германияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартқандар жұмыстан шығарылғаны белгілі болды. Оқиға жергілікті қарттар үйінде болған. Мекеме директоры әйелімен бірге вакцина салдырып, өзгелерді де осыған үндеген. Алайда 7 бірдей қызметкер вакцинадан бас тартқандықтан, ұжым басшысы оларды жұмыстан шығарып жіберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1895620-infekcionist-koronaviruska-karsy-kreste-birden-eki-maska-tagudy-syndy/

pixel