jitsu gif branding logo appbranding logo app

Ерекше ақ шашпен дүниеге келген сәбиін анасы жұлдызға айналдырды

Сәби
Фото: 4tololo.ru

Қызы ақ шашпен дүниеге келген әйел баласына өз ерекшелігін қабылдап, бағалай білуді кішкентайынан баулуда. Ол сәбиінің суреттерін интернетке жүктеп, оны желі жұлдызына айналдырған деп жазады 4tololo.ru.

Майя Азиз есімді нәресте тек алдыңғы шашы ағарған күйі дүниеге келген. Анасы Талита қызының бұл ерекшелігіне таңырқай қоймады.

Сәби
Фото: 4tololo.ru

Себебі, оның отбасында шаштың ақ болуы тұқым қуалайтын ерекшелік екен. Дәрігерлер мұндай ерекшелікке пиедбалдизм (piebaldism) деген атау берген.

Қыз
Фото: 4tololo.ru

Қызы өз ерекшелігін дұрыс қабылдап үйренгенін қалаған анасы оған жиі фотосессия ұйымдастырып отырады.

Қыз
Фото: 4tololo.ru

Ал балақайдың желідегі суреттері көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, бүгінде бүлдіршіннің парақшасына 22 мыңнан астам адам жазылып үлгеріпті.

Қыз
Фото: 4tololo.ru

Майя дүние есігін ашқанда, оның шашын көрген дәрігерлер таң болғандарын жасырмайды.

Қыз
Фото: 4tololo.ru

Талита қызын 40 жасқа толған кезінде 2018 жылдың ақпанында дүниеге әкелген. Майяның салмағы 4,25 келі, ал бойы 54 сантиметр болыпты.

Отбасы
Фото: 4tololo.ru

Перзентханада өзге аналар Майяны бір көру үшін Талитаның палатасына жиі бас сұғып жүрген екен.

Қыз
Фото: 4tololo.ru

Сол сәттен бастап кішкентай жұлдыз дүниеге келгенін түсінген анасы оны түрлі ақ шашты фильм кейіпкерлерінің кейпінде суретке түсіруді қолға алады.

Қыз
Фото: 4tololo.ru

Қыз
Фото: 4tololo.ru

Қыз
Фото: 4tololo.ru

Қыз
Фото: 4tololo.ru

Еске салсақ, бұған дейін үйсіз азамат шаштараздың көмегімен сымбатты ер адамға айналып шыға келгенін жазған едік. Ол ұйысқан шашы мен сақалынан арылғаннан кейін адам танымастай өзгерген.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.