RU

117 жасқа толатын әжей туған күні қарсаңында коронавирусты жеңді

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Францияда тұратын Люсиль Рандон есімді қария өзінің 117 жас мерейтойының қарсаңында коронавирусты жеңді деп жазады РИА Новости Var-Matin газетіне сілтеме жасап.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, Тулондағы қарттар үйінде тұратын әжейден 16 қаңтарда коронавирус індеті анықталған.

Әжей вирустың симптомсыз түрін жұқтырған.

Айта кетейік, Люсиль Рандон 1904 жылы 11 ақпанда дүниеге келген. Жас кезінде ол ауруханада жұмыс істепті, кейінірек дін жолында қызмет еткен.

2019 жылы Рандон өз туған күнінде Рим Папасы Францисктен жеке құттықтау алды.

Еске сала кетейік, 2 қаңтарда әлемдегі ең егде адам – жапониялық Канэ Танака, өзінің 118-ші туған күнін атап өтті.

Айта кетсек, Түркияда автосалон қызметкері коронавирус жұқтырған адамның сілекейін 70 долларға сатып алып, бастығының шайына қосқан.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта айыпталушы сот алдында жауапқа тартылып жатыр.

Автосалон иесі Ибрахим Унверди қызметкеріне автокөлік мәмілесі үшін 215 мың түрік лирасын берген. Алайда ол ертеңінде бастығына қоңырау шалып, ақшаны келісім жасамай несиесін төлеуге жұмсағанын айтыпты.

Ал Унвердидің сөзінше, қызметкері оны өлтіргісі келгенін басқа жұмысшылардан естіген. Күдікті коронавирус жұқтырған адамның сілекейі құйылған құтыны 70 долларға сатып алып, бастығының шайына қосып жіберген.

Алайда Унверди оны ішпегендіктен, ауру жұқтырмаған. Содан кейін де жұмысшы бастығына қастандық жасайтынын ашық айтыпты. Тіпті ол "мен сені вируспен өлтіре алмадым. Ендігі жолы басыңнан атып тастаймын" деп хабарлама жолдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1898049-117-zasqa-tolatyn-azei-tugan-kuni-qarsanynda-koronavirusty-zendi/