jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Сүйіктісімен айырылысқан ару өзіне-өзі тұрмысқа шығып алды

Әйел
Көрнекі фото: pexels.com

АҚШ-тың Атланта қаласында 35 жастағы азаматша жігітімен айырылысқаннан кейін өзіне-өзі тұрмысқа шықты деп хабарлайды Lenta.ru.

Мег Тейлор Мориссон 2020 жылы өткен Хэллоуин қарсаңында тұрмысқа шығуды армандаған. Алайда маусым айында сүйіктісімен айырылысып, жоспарының орындалмасын түсінген.

Сол кезде Моррисон той жасау үшін өзіне екінші жарты керек емес деген шешімге келген. Америкалық азаматшаның сөзінше, осылайша ол өзін қаншалықты жақсы көретінін көрсетпек болыпты.

Салтанатты кешке Моррисонның ең жақын достары мен туыстары жиналған. Рәсім кезінде ол өзі жазған антты оқып, айнадағы бейнесін сүйген.

Моррисон осы арқылы жақсы тәжірибе жинақтағанын, өзінің денсаулығы мен бақытын бірінші орынға қоюды түсінгенін айтады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мәскеуде тұратын 24 жастағы Рейн Гордон шабаданға құлай ғашық болып, оған тұрмысқа шыққанын жазған едік.

Рейн жансыз заттарға бала кезінен құштар болған. Бойжеткен сегіз жасынан бері түрлі бұйымдарға ғашық болып келген екен.

Сондай-ақ Германияда ұшаққа құлай ғашық болған әйел оған тұрмысқа шығатынын айтқан еді.

Одан бөлек, Бразилияда ер адам қалыңдығы тастап кеткеннен кейін өзіне-өзі үйленіп, аста-төк той жасаған болатын.

Сонымен қатар Ұлыбритания тұрғыны ағашқа тұрмысқа шығуына бір жыл толғанын салтанатты түрде атап өтсе, өзге жалғызбасты ана кілемге тұрмысқа шыққан еді.

Сүйіктісімен айырылысқан ару өзіне-өзі тұрмысқа шығып алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.