Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйіктісін қайтару үшін арал тұрғызған 30 жастағы азамат әлемге танылды

Опубликовано:

Арал
Фото: ren.tv

Қытайлық азамат бұрынғы сүйіктісіне арнап ерекше арал тұрғызған. Алайда ғашығы оның бетін қайтарып, дос болып қалуды ұсынған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сюй есімді 30 жастағы қытайлық азамат ауылға ата-анасына қамқор болуға кетеді. Осылайша, оның қалада қалған ғашығымен жолы екіге бөлінеді. Дегенмен, Сюй сүйіктісі үшін күтпеген сыйлық жасауға ақша жинайды.

Осылайша, қытайлық 100 мың юаньнан аса соманы арал тұрғызуға арнайды. Ал қазір 20-30 шаршы метрлік аймақ түгелдей алқызыл түсті өсімдікпен көмкерілген.

Өкінішке қарай, Сюйдің бұрынғы қызы романтикалық әрекетіне тамсанғанымен, тек дос болып қалуды ұсынған.

Алайда қытайлық азамат өз әрекетінен еш ұтылған жоқ. Арал қазір ең танымал туристік аймақтардың біріне айналған. Қазір романтикалық кездесулер мен той өткізуге арналған орын болып тұр.

Айта кетейік, осыған дейін Оңтүстік Африка республикасының тұрғыны үйлену тойына бірнеше күн қалғанда коронавирустан қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Дурбан қаласының 26 жастағы тұрғыны Зои Фрешуотер 11 жылдан бері кездесіп жүрген жігітімен шаңырақ көтермек болған. Қос ғашықтың үйлену тойы өткен жылдың желтоқсан айының соңында өтуі тиіс еді.

Алайда қалыңдық аяқ астынан коронавирустың белгілерін сезіне бастаған. Дегенмен ол мұны той алдындағы күйзеліспен, дайындықпен байланыстырыпты. Денсаулығына мән бермеген ару ауруы асқынып, 25 желтоқсанда қайтыс болған.

Оған дейін АҚШ-та коронавирус жұқтырған қалыңдық той болатын күні ауыр халге түсіп, көп ұзамай қайтыс болғанын да жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1901940-suiiktisin-qaitaru-usin-aral-turgyzgan-30-zastagy-azamat-alemge-tanyldy/

pixel