Телефондағы қандай хабарламаларды өшіріп отыру керек: Маман кеңесі
Жарияланған күні:
"Цифрлық платформалар" автономды коммерциялық емес ұйымының бас директоры Арсений Щельцин смартфоннан қандай хабарламаларды жою керектігін айтты деп хабарлады РИА Новости.
Маманның сөзінше, телефоннан құпия сөздер туралы ақпаратты, жеке деректерді, сондай-ақ адам беделіне зиян келтіруі мүмкін хабарламаларды мүмкіндігінше жойып отыру керек.
Қызмет көрсету хабарламаларын, авторизация кодтарын және уақытша парольдерді де жою қажет, дейді Арсений Щельцин.
Сондай-ақ, қосымшалар жұмыс істеу үшін көбіне байланыс тізіміне және SMS-хабарламаларға кіруге рұқсат беруді талап етеді.
"Алайда вирустар арқылы SMS-ке жылдам қол жеткізу немесе телефонның резервтік көшірмесін қашықтан қалпына келтіру сияқты осы және басқа жағдайлар SMS қоржынын ең осал кеңістікке айналдырады", - деп ескертті сарапшы.
Банктер мен интернет-сайттар ұсынатын құпия сөздер әдетте әрі кеткенде бір минут жұмыс істейді. Алайда алаяқтар оларға қол жеткізіп, сіздің аккаунтыңызға кіруі мүмкін.
Щельцин осы тәуекелдерді барынша төмендету үшін қосалқы көшірмелер жасауға, телефонды жоғалтпауға және SMS хабарламаларды қадағалауға кеңес береді.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін телефонда құпия және жеке мәлімет бар хабарламаларды, құпиясөздер мен банктерден келетін хабарларды сақтауға болмайтыны туралы жазған едік.
Сарапшы мамандар алаяқтардың жеке кабинетке кіруге арналған бір реттік сілтемені қолданатынын жеткізді. Олар әдетте смс арқылы жіберіледі.
Бұдан бөлек, құпия сөз бар хабарламаларды жою керектігі ескертілді.
Қосымша қорғаныс ретінде телефонға қиын құпиясөз қойып, қолдың ізі немесе Face ID-мен қорғау ұсынылды.
Сонымен қатар, ресейлік "Синергия" университетінің ақпараттық технолоиялар институты директорының орынбасары Антон Аверин ұялы телефон арқылы қалай қосымша ақша табуға болатынын айтып берген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1902126-telefondagy-qandai-xabarlamalardy-osirip-otyru-kerek-maman-kenesi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.