Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

41 жастағы жұмыссыз азамат ата-анасынан өмір бойы алимент төлеуді талап етті (фото)

Опубликовано:

Сот балғасы
Көрнекі фото: piqsels.com

Ұлыбританияда 41 жастағы азамат туған ата-анасын сотқа берді. Ол ата-анасынан өмір бойы алимент төлеуді талап етуде деп жазады Times Now.

Белгілі болғандай, Оксфордтың заң факультетін тәмамдаған 41 жастағы Фаиз Сиддики оқуын бітіргесін мүлде жұмысқа тұрмаған.

Ол ата-анасының Лондондағы пәтерінде он жыл бойы тұрып келіпті. Сол аралықта 69 жастағы анасы Ракшанда мен 71 жастағы әкесі Джаведа Фаизды асырап келген екен.

Олар жұмыссыз баласына аптасына 400 фунт стерлинг беріп отырған. Алайда отбасында жанжал туындап, ата-анасы баласына ақшалай көмек көрсетуді тоқтатып тастайды. Бұл жайтқа наразы болған Фаиз олардан ақшаны сот арқылы өндіріп алмақ.

Ол сотқа шағым түсіріп, ата-анасын өмір бойына алимент төлеуге міндеттеуді талап еткен. Ер адамның ойынша, оның материалдық көмек талап етуге толықтай құқы бар. Фаиз бұған негіз ретінде өзінің денсаулық жағдайын алға тартыпты.

Айтуынша, оның денсаулығында кінәрат болғандықтан, жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ.

Фаиз
Фото: timesnownews.com

Дегенмен сот азаматтың шағымын қанағаттандырмаған. Алайда ер адам өз айтқанынан қайтар емес. Ол апелляциялық шағым түсіретінін жеткізген.

Еске салсақ, бұған дейін 72 жастағы қызметкеріне "кемпір" деп тіл тигізген басшының басы дауға қалғанын жазған едік.

Одан бөлек, 32 жыл бойы күнде тас жейтін қария жұртты таңырқатқанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1903928-41-zastagy-zumyssyz-azamat-ata-anasynan-omir-boiy-aliment-toleudi-talap-etti-foto/

pixel