Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі профессор смартфонның миға қандай қауіп төндіретінін айтты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Смартфон заманауи адам үшін "сыртқы жады" болды. Мұны биология ғылымдарының докторы, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің биология факультетінің профессоры, психофизиолог Александр Каплан айтты деп жазады РИА Новости.

Александр Каплан Sputnik радиосына берген сұхбатында гаджетті сақтау құралы ретінде пайдалану адамның өзінің жадының нашарлауына әкеп соғатынын жеткізді. Ол егер сіз қажетті дүниені ұмытып қалмау үшін телефонға сақтап алып, керек кезде сол арқылы еске түсіріп отырсаңыз, онда ми мұндай еске салуларға үйреніп алады, деді.

Профессордың пікірінше, бұлшықет қозғалыссыз жансызданып қалатыны секілді мидың есте сақтау үшін жауапты механизмдері толық жұмыс болмаған кезде әлсірейді.

Сонымен қатар сарапшы смартфондардан бас тартуға шақырмайтынын сөз етті. Оның пікірінше, гаджеттерді тек қажет уақытта ғана пайдалынған дұрыс. Бос уақыттың барлығын бір смартфонға қарап өткізбеу керектігін ескертті.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін телефонда құпия және жеке мәлімет бар хабарламаларды, құпиясөздер мен банктерден келетін хабарларды сақтауға болмайтыны туралы жазған едік.

Сарапшы мамандар алаяқтардың жеке кабинетке кіруге арналған бір реттік сілтемені қолданатынын жеткізді. Олар әдетте смс арқылы жіберіледі.

Бұдан бөлек, құпия сөз бар хабарламаларды жою керектігі ескертілді. 

Қосымша қорғаныс ретінде телефонға қиын құпиясөз қойып, қолдың ізі немесе Face ID-мен қорғау ұсынылды.

Сонымен қатар, ресейлік "Синергия" университетінің ақпараттық технолоиялар институты директорының орынбасары Антон Аверин ұялы телефон арқылы қалай қосымша ақша табуға болатынын айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1905650-belgili-professor-smartfonnyn-miga-qandai-qauip-tondiretinin-aitty/

pixel