jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Сұлулық байқауында жеңіске жеткен әйелден дәл сахнада тәжін шешіп алды

Ару
Кадр: Colombo Gazette

"Миссис Шри-Ланка" сұлулық байқауында жеңіске жеткен әйел дәл сахна үстінде тәжінен айырылып қалды. Тәжді одан мәжбүрлі түрде шешіп алып, екінші орынды иеленген жанға кигізген деп хабарлайды BBC-ге сілтеме жасаған "УНИАН" агенттігі.

Тікелей эфирде қазылар алқасы "Миссис Шри-Ланка" жеңімпазының есімін жариялады. Олар Пушпика да Силва есімді әйелді ең сұлу деп танып, оған бірінші орынды берген.

Алайда Пушпикаға тәжді кигізіп жатқан сәтте, байқаудың 2019 жылғы жеңімпазы Каролин Жюри микрофонды алып, Пушпика да Силва ажырасқанын, ал ажырасқан әйелдерге ережеге сәйкес байқауға қатысуға тыйым салынғанын мәлімдейді.

"Тәж екінші орынды иеленген қатысушыға тиесілі", - деген ол жеңімпаздан тәжді мәжбүрлі түрде шешіп, өзге қатысушыға кигізеді.

Пушпика сахнадан дереу кетіп қалады. Көп ұзамай ол тәжін шешіп алып жатқан сәтте басын жарақаттап алғанын айтып, шағымданған. Пушпика енді Каролин Жюриді сотқа бермек.

Пушпиканың айтуынша, ол ажыраспаған тек күйеуінен бөлек тұрады.

Байқауды ұйымдастырушылар болса, өз кезегінде Пушпикадан кешірім сұрап, тәжді оған қайтаруға уәде берді.

Ал Каролин Жюридің сахнадағы әрекетіне байланысты тергеу жүргізілмек.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық ару Оңтүстік Кореядағы сән байқауында жеңіске жеткенін жазған едік.

Одан бөлек, тағы бір қазақстандық ару Карина Кабдуллина Татарстанда Наурыз мерекесінің құрметіне орай ұйымдастырылған "Наурыз – 2021 сұлуы" байқауында жеңіске жеткенін жазған болатынбыз.

Сұлулық байқауында жеңіске жеткен әйелден дәл сахнада тәжін шешіп алды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.