Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемде бойы ең ұзын жасөспірім қайда тұрады

Опубликовано:

Рен
Фото: Guinness World Records

Қытай тұрғыны әлемдегі ең ұзын бойлы жасөспірім атағына ие болып, рекорд жаңартты деп жазады guinnessworldrecords.com.

Осы жылдың қазан айында Рен Кэю бірден екі қуанышты жаңалықты атап өтті - ол 14 жасқа толуымен қатар, әлемдік рекорд орнатуын тойлатқан.

Рен
Фото: guinnessworldrecords.com

Қытайдың Сычуань провинциясында тұратын Рен Гиннестің рекордтар кітабына енді. Оның бойы - 221,03 сантиметр.

Рен
Фото: guinnessworldrecords.com

Рен әрдайым өзінің құрдастарынан ұзын болып жүретініне еті үйренгенін жасырмайды. Анасы мен әкесі оны бірнеше рет медициналық тексеруден өткізген.

Рен
Фото: guinnessworldrecords.com

Дәрігерлер бойы ерекше ұзын жасөспірімнің денсаулығында ешқандай кінәрат жоқтығын айтуда. Жасөспірім гигантизм немесе өзге де ауытқуларға шалдықпаған.

Рен
Фото: guinnessworldrecords.com

Рен бойына сай жиһаз, киім және аяқ киім іздеуде қиындықтарға тап болып жатады. Алайда ол мұндай қиындықтарды еңсеру айтарлықтай қиын еместігін айтады. Ол үшін көшеде және қоғамдық көлікте бейтаныс адамдардың сұқтана қарауы әлдеқайда көбірек ыңғайсыздықтар тудырады екен.

Рен
Фото: guinnessworldrecords.com

Жасөспірім бойының ұзындығы мен ерекше келбетіне бола, кейбіреулер оны айтарлықтай ақылды емес деп ойлайтындығына сенімді. Алайда Рен бұл стереотиппен күресуге дайын - ол білімін шыңдаумен келеді және өз сыныбындағы ең жақсы оқушылардың бірі атанып отыр.

Рен
Фото: guinnessworldrecords.com

Еске салсақ, бұған дейін әлемдегі ең ұзын шашқа ие жасөспірім туралы жазған едік.

Одан бөлек, 6 жасар бала әлемдегі ең жас программист атанып, рекорд орнатқанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1886106-lemde-bojy-e-zyn-zasspirim-kajda-trady/

pixel