Келіні туған қызы болып шыққан: Ұлын үйлендірмек болған әйел ғажайыпқа тап болды
Жарияланған күні:
Қытайдың Цзянсу аймағындағы Сучжоу қаласының тұрғыны ұлының үйлену тойы кезінде қалыңдықтың бірнеше жыл бұрын жоғалтып алған туған қызы екенін білген деп хабарлайды Lenta.ru.
31 наурыз күні ұлының үйлену тойы кезінде әйел адам қалыңдықтың қолынан меңін байқап қалған. Сөзінше, оның бірнеше жыл бұрын жоғалтып алған қызында да дәл осындай дақ болған.
Күдігін сейілткісі келген қытайлық әйел қалыңдықтың ата-анасына барып, "оны 20 жыл бұрын асырап алған жоқсыздар ма" деп сұраған. Бұл деректі құпияда ұстаған отбасы қызды жол жиегінен тауып алғандарын айтыпты. Олар қызды қамқорлығына алып, өз баласындай тәрбиелеп өсірген екен.
Қалыңдықтың сөзінше, өз тойында туған анасымен кездесу бақытты сәттің бірі болған. Алайда оны "туған ағама тұрмысқа шығып жатқан жоқпын ба" деген сауал мазалаған.
Дегенмен анасы кішкентай қызынан көз жазып қалғаннан кейін ер баланы асырап алғанын айтқан. Осылайша, қалыңдық пен күйеу жігіттің үйлену тойы еш кедергісіз өткен.
Еске сала кетсек, ұлының үйлену тойына қалыңдықпен бірдей көйлек киіп барған ене желі қолданушыларының сынына ұшыраған болатын.
Сонымен бірге австралиялық ғашықтар ұшақтың дәлізінде яғни 12 мың метр биіктікте шаңырақ көтергенін хабарлаған едік. Осылайша олар әуе кемесінде отырған 150 жолаушыны таңғалдырған болатын.
35 жастағы Элейн Тионг пен 36 жастағы Люк Сердар Мельбурннан Сиднейге бағыт алған Virgin Australia әуе компаниясының ұшағында үйленген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1906894-kelini-tugan-qyzy-bolyp-syqqan-ulyn-uilendirmek-bolgan-aiel-gazaiypqa-tap-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.