Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қауынды массаж жасап өсіретін малайзиялық диқандар әлемді таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

қауын11
Фото: Хабар24

Малайзиялық диқандар қауынды ерекше күтіммен өсіреді. Олар қолғап киіп, жеміске арнайы жұмсақ массаж жасап, тіпті классикалық музыка да қойып береді деп хабарлайды Хабар24.

Мұндай жолмен бапталған қауынның бұл түрі әлемде ең қымбат деп саналады.

Негізі аталған қауын қоңыржай климатта өседі, бірақ жергілікті шаруалар малайзиялық ыстық, тропикалық климатқа бейімдеп алған.

Жемісті өсірудің қыр-сырын жетік меңгеру үшін диқандар Жапонияға барып, тәжірибе де алмасқан.

Нәтижесінде бірінші науқанда 200-ге жуық қауын сатылған. Бір данасы 40 доллар тұрады. Сауда негізінен онлайн жасалуда.

"Біз әр қауынға өнер туындысы ретінде қараймыз. Бұл ең басты критерий. Суы, тыңайтқышы бәрі тыңғылықты қарастырылуы керек. Осылайша жоғары сапалы өнім шығарамыз. Бізде қазір осы қауынның 10-нан астам түрі бар. Өте ыстық ауа райы сияқты сынақтар баршылық. Тұқымды осы қауынның отаны Жапониядан алдырамыз", - дейді қауын шаруашылығының директоры Сех Чең Сиаң.

Айта кетсек, бұған дейін қауыннан чипсы жасайтын қызылордалық кәсіпкер туралы жазған едік.

Ерекше бастаманы ауыл шаруашылық ғылымының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымы Самалбек Қосан қолға алған. Оның айтуынша, қауын чипсыларын дайындау үш ке­зеңнен тұрады.

"Алдымен піскен қауын мұқият тазаланып, кейін жұқа тілімдерге кесіледі. Үшінші кезеңінде дайын бөліктер 12 сағаттан аса уақыт кептіріледі. Бастысы өнім – экологиялық тұрғыдан таза", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1908344-qauyndy-massaz-zasap-osiretin-malaiziyalyq-diqandar-alemdi-tangaldyrdy-foto/

pixel