Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйікті жұмыс орнының құрметіне ұлының есімін қойған ер адам жұртты таңырқатты (фото, видео)

Опубликовано:

Сәби
Көрнекі фото: pixabay.com

Индонезия тұрғыны туған ұлына ерекше есім беріп, әлем назарына ілікті. Ол ұлын сүйікті жұмысының құрметіне "Ақпараттық коммуникациялардың статистикалық басқармасы" деп атаған. Бұл туралы odditycentral.com сайты жазады.

Белгілі болғандай, есімі ерекше сәби өткен жылдың желтоқсанында дүниеге келген екен.

Бала
Фото: odditycentral.com

Оның әкесі - Самет Вахьюди есімді Индонезия тұрғыны болып шықты. Самет өз жұмысын қатты жақсы көретіні соншалық, баласына жұмысының атауын есім ретінде беруді ұйғарған.

Самет
Фото: odditycentral.com

Саметтің әйелі күйеуінің бұл ойы туралы әу бастан біліп келген екен. Алайда оның шешіміне көнуден басқа амалы болмапты. Олардың тұңғышы қыз бала болғасын, Самет оғаш есімді оған бере алмаған.

Алайда екіншісі ұл бала болған сәтте Самет бірден өз ойын жүзеге асырып, баласын "Ақпараттық коммуникациялардың статистикалық басқармасы" деп атайды.

Нәресте дүниеге келе салысымен, есімінің арқасында жергілікті тұрғындар арасында ерекше танымалдыққа ие болған. Бұқаралық ақпарат құралдары сәби туралы жарыса жазуда.

Көпшілік нәрестені Динко деген қысқа есіммен атауды әдетке айналдырған екен. Десе де, Самет ұлы ержеткенде өз есімін мақтан тұтатынына сенімді.

Ал желі қолданушылары болса, ер адамның бұл шешімін құптай қоймады. Олар баласы өссе әкесін мұндай есім бергені үшін сотқа беруі ықтимал деген болжамдарын алға тартты.

Еске салсақ, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген танымал ресейлік продюсер Бари Алибасов дүние есігін әлі ашпаған баласына оғаш есім беру туралы шешім қабылдағанын жазған едік.

Алибасов ұл бала дүниеге келсе, оған Ковид есімін бермек. Ал егер қыз бала дүниеге келсе, перзентіне Пандемия деген есім беретінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1910927-suiikti-zumysynyn-atauyn-tugan-ulyna-bergen-er-adam-zurtty-tanyrqatty-foto-video/

pixel