Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ тұрғындарына тауықтарды сүюге тыйым салынды

Опубликовано:

Тауық
Көрнекі сурет: pixabay.com

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) азаматтарды сальмонеллез ауруының өршуіне байланысты үй тауықтарын сүюден бас тартуға шақырды деп хабарлайды ВВС.

Америкалықтарға тауықтарды, балапандарды және әтештерді сүйіп, құшақтауға тыйым салынуда. Сонымен қатар, қаншалықты жағдайы жақсы әрі тап-таза болып көрінсе де үйректерге қөп жақындамауға кеңес берілді.

"Өйтпеген жағдайда микробтар ауыз қуысына еніп, ауру тудыруы мүмкін", - деп атап өтті билік өкілдері.

Америкалықтарға құстармен байланыста болғаннан кейін қолдарын мұқият жуып, балалардың оларға қол тигізуіне жол бермеуге кеңес берілді. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы бактериялардың тауықтар мен үйректер мекендейтін жерлерде де оңай таралатынын қосты.

Осы уақытқа дейін 43 штатта 163 адам сальмонеллез ауруына шалдыққан. Билік өкілдерінің болжамы бойынша, олар дертті тірі құспен байланыста болу арқылы жұқтырған болуы мүмкін. Науқастардың үштен бірі - бес жасқа дейінгі балалар. Өткен ақпаннан бастап сальмонеллезбен ауыратын 34 науқас ауруханаға жатқызылды. Абырой болғанда дерттен адам өлімі тіркелген жоқ.

Бұған дейін Америка Құрама Штаттарында сальмонеллез ауруының шығуына Калифорниядағы Thomson International өсірген қызыл пияз себеп болған еді. Ол кезде кем дегенде 396 америкалық азамат аталмыш дертті жұқтырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1914283-aqs-turgyndaryna-tauyqtardy-suyuge-tyiym-salyndy/

pixel