Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ғарышқа бірге ұшады": Джефф Безос 82 жастағы әжейдің арманын орындады

Опубликовано:

Джекфф Безос
Фото: Хабар 24

82 жастағы Уэлли Фанк есімді әжей "Амазон" компаниясының негізін қалаушы миллаирдер Джефф Безоспен бірге ғарышқа ұшатын болды деп хабарлайды Хабар 24.

Зейнеткер өмір бойы ғарышкер болуды армандаған. Ол тіпті, 60-жылдары әйелдерге арналған ғарыш бағдарламасына қатысқан. Бірақ жоба жүзеге аспай, ғарышқа ұша алмаған.

Ал әлемдегі ең бай адамның ғарышқа сапары осы айдың 20-сына белгіленген. Онда Уэлли Фанкпен бірге Безостың бауыры Марк және тағы бір адам ұшады. Соңғысы ғарышқа сапарды аукционда 28 миллион долларға ұтып алған.

Айта кетейік, бұған дейін америкалық компания ғарышқа ұшуға тапсырыс қабылдауды бастағанын жазған едік.

2024 жылы Space Perspective компаниясының Neptune One ғарыш кемесімен алғаш рет ғарышқа саяхаттап баруға болады. Туристерге арнайы дайындық қажет емес.

Ұшу құны – бір жолаушыға 125 мың доллар. Тіркелу үшін алдын ала 1000 АҚШ доллары көлемінде төлеу жасауыңыз керек. Алты сағаттық саяхат үлкен шардың, яғни футбол стадионының көлеміндей "Нептун" атты ғарыш кемесіне тіркелген капсулада өтеді.

Жұмсақ ортопедиялық орындықтарға жайғасқан жолаушылар ғаламшарды өз көзімен көру үшін Жерден 30 500 қаштық биіктікке көтеріледі. Ал шыны кабинадан 360 градусқа панорамалық көрініс ашылмақ. Капсула әуе кемесінің командирін санамағанда 8 туристің ұшуына арналған.

Әуе кемесі планетаның үстімен қалқиды, ал осы сәтте туристер Жерді бақылап, фотоға, видеоға түсіру мүмкіндік алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1920781-garysqa-birge-usady-dzeff-bezos-82-zastagy-qart-aieldin-armanyn-oryndady/

pixel