Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күніне 100 жөргек ауыстырады: Бірден тоғыз бала босанған әйел қалай өмір сүруде

Опубликовано:

Халима Сиссе
Фото: dailymail.co.uk

Бірден тоғыз баланы өмірге әкелген Батыс Африкадағы Мали республикасының тұрғыны Халима Сиссе қазіргі өмірі жайлы айтып берді деп жазады Lenta.ru.

"Босану кезінде миымда көптеген сұрақ туындады. Мен не болып жатқанын жақсы түсіндім. Мен оларға қалай қамқор болатынымды және кім маған көмектесетіні туралы ойладым", - дейді жас ана.

Балалардың әкесі, 35 жастағы теңізші Кадер Арби коронавирустық шектеулерге баланысты үйде қалуға мәжбүр болған. Ол алғаш рет балаларын 19 шілдеде Мороккода көрген.

Ерлі-зайыптылар төрт ұлын Мұхаммед, Бах, Әл-Хаджи және Омар ал бес қызын Хауа, Адама, Фатима, Ума, Кадидия деп атаған.

Басылымның жазуынша, ауруханада тағы екі ай болатын балалардың күтіміне кететін шығынды әзірге үкімет төлеп отыр. Билік балалардың еміне деп бір миллион фунт стерлинг (589,1 млн теңге шамасында) бөлген.

Нәрестелер күніне 100 жөргек ауыстырады. Ал олардың тамақтануына алты литрдей сүт кетеді.

Анасының айтуынша, ол бала күтімінен шаршағандықтан, уақытының көп бөлігін ұйықтап немесе теледидар көрумен өткізеді.

Босанғанына үш ай өткен соң өз қалпына келе бастаған Сиссе бөбектерге күніне екі мәрте барып, олардың жанында 30 минуттай болады. Осылайша, келіншек балаларына бауыр басуды көздеп отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістанда 39 жастағы алты баланың анасы үшем босанғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1924318-kunine-100-zorgek-auystyrady-birden-togyz-bala-bosangan-aiel-qalai-omir-surude/

pixel