Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар коронавирустың барлық штамынан қорғайтын спрей ойлап тапты

Опубликовано:

Мұрын спрейі
Көрнекі сурет: pixabay.com

Эстониялық ғалымдар коронавирустың барлық штамынан қорғай алатын спрей ойлап тапқандарын мәлімдеді деп жазады Postimees.

Зертханалық сараптама мұрын спрейі "Ухань" штамынан да, "үнділік дельта" штамнан да, "британиялық", "оңтүстікафрикалық" және "бразилиялық" штамдардан да қорғауды қамтамасыз ететінін көрсетті дейді ғалымдар.

Icosagen гендік инженерия компаниясының ғылыми директоры кіші Март Устав мұрын спрейі коронавирустың барлық штамдарынан бірдей жақсы қорғайтынын растап отыр.

"Біз командамен бірге вирустың өзгеруін үнемі бақылап отырамыз және спрейдің әлі кең таралмаған штамдарға қарсы тұру қабілетін белсенді түрде тексеріп отырамыз", - дейді Март Устав.

Елдің денсаулық сақтау департаменті спрейді өндіру және сату туралы шешімді түрлі департаменттердің мамандарынан құралған шекаралық сарапшылар тобының пікіріне сүйене отырып қабылдаған екен.

Эстониялық инновациялық өнім саналатын жаңа спрейдің тұжырымдамасын профессор Март Уставтың жетекшілігімен Icosagen зерттеушілері жасаған.

Спрейді әзірлеу және сату үшін консорциум құрылған. Оның құрамына Chemi-Pharm, Icosagen, Тарту университеті, Эстония жаратылыстану ғылымдары университеті мен OÜ Teadus ja Tegu-дің ғалымдары мен мамандары кірген.

Өнімнің технологиясы патенттелгені белгілі болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1924999-galymdar-koronavirustyn-barlyq-stamynan-qorgaityn-sprei-oilap-tapty/

pixel