Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойға шақырусыз келген бойжеткен күйеу жігітке тұрмысқа шығып алды (фото)

Опубликовано:

Той
Көрнекі сурет: pixabay.com

Индонезия тұрғыны тойға шақырусыз келіп, бұрынғы жігітінен оны екінші әйелі етуді талап етті. Күйеу жігіт талапты орындап, бірден екі әйелге үйленген деп хабарлайды Asia One.

Белгілі болғандай, 21 жастағы Рури есімді бойжеткен Корик есімді бұрынғы жігітінің өзге аруға үйленіп жатқанын әлеуметтік желіден біліп қойған. Желідегі ортақ достары Корикке Рури тұрмысқа шығып жатыр деген оймен шатасып, оны құттықтаған көрінеді.

Нәтижесінде бойжеткен дереу ақ көйлек киіп, тойға шақырусыз келіп алады. Рури алаңсыз той жасап жатқан бұрынғы жігітінен оны екінші әйелі етіп алуды талап етеді.

Жас жұбайлар
Корик және оның екі қалыңдығы . Фото: Facebook/Doyok Potret

Корик 2016 жылы көңіл жарастырып, кейін айырылысып кеткен Руридің өтінішін жерге тастамай, бұл ұсынысты сол мезетте отбасымен ақылдаса отырып қабылдауды ұйғарады.

Ол бірден екі қалыңдыққа үйленуді шешіп, екеуі үшін де қалым төлейді.

"Екі қалыңдыққа берілген қалым іс жүзінде бірдей және 1,75 миллион индонезиялық рупийді (8,8 мың рубль) құрайды", - деді Корик.

Күйеу жігіт екі қалыңдыққа бірден үйлену туралы шешім оңай болмағанын алға тартып отыр. Айтуынша, ол қазір жұмыссыз және бұл жайттан кейін екі әйелін бірдей асырауға мәжбүр.

Еске салсақ, бұған дейін Қытайдың Лу есімді тұрғыны бұрынғы жігітінен ерекше жолмен кек алғаны туралы жазған едік.

Ол бұрынғы сүйіктісінің көлігімен қасақана 49 рет жол ережесін бұзған. Бойжеткеннің кек алу жоспарын жүзеге асыруға өзіне құлай ғашық болған танысы көмектескен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1925652-toiga-saqyrusyz-kelgen-boizetken-qalyndyqtan-qalyspai-kuieu-zigitke-turmysqa-sygyp-aldy-foto/

pixel