Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы жігітінен ерекше жолмен кек алған бойжеткен полицейлердің назарын аударды

Опубликовано:

Қос ғашық
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қытайдың Лу есімді тұрғыны бұрынғы жігітінен ерекше жолмен кек алды. Ол бұрынғы сүйіктісінің көлігімен қасақана 49 рет жол ережесін бұзған. Бойжеткеннің кек алу жоспарын жүзеге асыруға өзіне құлай ғашық болған танысы көмектесіпті деп жазады The Global Times-қа сілтеме жасаған gazeta.ru басылымы.

Танысының көмегімен бұрынғы жігітінің көлігіне қол жеткізген бойжеткен 49 рет қызылға өтіп, бір рет жылдамдықты асырған екен. Нәтижесінде бұған полиция назар аударып, олар бойжеткенді тоқтатқан.

Полиция заңбұзушылықтарға қатысты тергеу жүргізіп, Чен есімді азамат Цзянь есімді көлік иесінен Audi көлігін жалға алғанын анықтайды. Чен көлікті жалға алуды оның Чжу есімді танысы сұрағанын айтқан.

Белгілі болғандай Чжу өзінің жүрегін жаулаған Лу есімді бойжеткеннің өтініші бойынша көлікті жалға алып, екеуі көлікпен қасақана жол ережесін бұзған.

Бойжекткен бұрынғы жігіті Цзянь оны өзге аруға айырбастап жібергесін, Чжуды пайдаланып одан кек алғысы келген екен.

Айта кетесек, бұған дейін Ұлыбританияда қарапайым жігіт күтпеген себептерге бола миллионер арумен айырылысып кеткені туралы жазған едік.

Одан бөлек, сақалын қырудан бас тартқан жігітіне тұрмысқа шыққысы келмей қалған қалыңдық туралы жазған болатынбыз.

Той күні жақындаған сайын бойжеткенді болашақ күйеуінің сақалы оған мүлде жараспайды деген ой мазалай бастаған.

Ол той суреттері ойдағыдай шықпай қалуы мүмкін екенін ескеріп, сол себепті жігітінен сақалын қыруды сұраған екен. Алайда бойжеткен ақыры сүйіктісін сақалын алуға көндіре алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1922287-buryngy-zigitinen-erekse-zolmen-kek-algan-boizetken-policeilerdin-nazaryn-audardy/

pixel