Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзін жылдар бойы бедеу санап келген әйел бірден бес сәбидің анасы атанды

Опубликовано:

Фото
Фото: Бренда Раймундоның Facebook парақшасы

Американың Даллас қаласында өзін бедеумін деп ойлап келген әйел көпшілікті таңғалдырып, бірден бес баланы өмірге әкелді деп жазады Lenta.ru.

28 жастағы Бренда Раймундо бірнеше жылдан бері сәби сүйе алмай келген. Күйеуі екеуінің тексерілмеген дәрігері қалмай, әйелге поликистозды аналық без синдромы диагнозы қойылған екен.

Балалы болудан үміт үзсе де, ерлі-зайыптылар бедеулікті емдейтін маманның көмегіне жүгінген. Дәрігер науқасқа аналық безінің дамуына ықпал ететін дәрі тағайындаған.

Екі айдан кейін емнің әсері байқалып, америкалық келіншектің аяғы ауыр екені белгілі болған. Тағы бір аптадан кейін УДЗ жасау кезінде Раймундо отбасында бірден бес нәресте өмірге келетіні анықталыпты.

"Алдымен бізге балаңыз болады деді. Келесі аптада бірден бес балалы болатынымызды хабарлады. Мұндайды ешкім күтпеді", - дейді пациент.

Осылайша, 2021 жылдың 17 мамырында үш ұл бала мен екі қыз бала аман-есен жарық дүние есігін ашқан. Ата-аналарының айтуынша, екеуінің мүлдем ұйқысы қанбайды. Дегенмен олар бұған дейін осыншалықты бақытты сезінбегенін айтады.

"Біз мұны әлемдегі ешнәрсеге айырбастамаймыз", - дейді Бренда Раймундо.

Еске сала кетсек, бұған дейін бірден тоғыз бала босанған әйел туралы жазған едік.

Халима Сиссе Батыс Африкадағы Мали республикасында тұрады. Нәрестелерге күніне 100 жөргек пен алты литр сүт кетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1929054-ozin-zyldar-boiy-bedeu-sanap-kelgen-aiel-birden-bes-sabidin-anasy-atandy/

pixel