215,16 сантиметр: Әлемдегі ең бойы ұзын бойжеткен туралы білесіз бе
Жарияланған күні:
Түркия тұрғыны Румейси Хельги Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең ұзын бойлы бойжеткен ретінде енді деп жазады guinnessworldrecords.com сайты.
24 жастағы түрік аруының бойы - 215,16 сантиметр.
Бойжеткеннің бойының ерекше ұзын болуы тез өсуге әкеліп соғатын Уивер синдромына байланысты. Салдарынан Хельги арбаға таңылған және өздігіне жүре алмайды.
2014 жылы бойжеткен 18 жасында әлемдегі ең ұзын бойлы нәзік жанды ретінде рекорд орнатқан болатын. Биыл ол өз рекордын жаңартып отыр.
"Мен Румейсиді рекордтар кітабына қайта енгізу құрметіне ие болдым. Оның қайтпас рухы мен өзгелерден ерекше болуын мақтан тұтуы шабыттандырады", - деді Гиннестің рекордтар кітабының бас редакторы Крейг Глендей.
Әлемдегі ең бойы ұзын ер адам Сұлтан Кесен де Түркиядан, оның бойы - 251 сантиметр.
Еске салсақ, бұған дейін ерекше ұзын шашқа ие ресейлік ару туралы жазған едік.
Одан бөлек, әлемдегі ең ұзын тілге ие жігіт рекорд орнатқанын жазған болатынбыз. Оның тілінің ұзындығы 10,8 сантиметрді құрайды, бұл бұрын тіркелген рекордтан жеті миллиметрге көп.
Сондай-ақ, кірпігін 20 сантиметрге дейін өсірген әйел Гиннестің рекордтар кітабына енген еді. Әйел кірпігі не себепті тоқтаусыз өсетінін әлі күнге дейін түсінбейтінін айтады. Ол тіпті, талай рет бұл мәселемен дәрігерлерге де қаралған екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1937058-alemdegi-en-boiy-uzyn-boizetken-turaly-bilesiz-be/