RU

Кірпігін 20 сантиметрге дейін өсірген әйел Гиннестің рекордтар кітабына енді

Әйел
Кадр: YouTube / Guinness World Records

Қытайда кірпігі тоқтаусыз өсіп жатқан әйел Гиннестің рекордтар кітабына енді деп хабарлайды upi.com сайты.

Ю Цзян есімді әйелдің сол жақ көзіндегі кірпігі 20 сантиметрге жеткен, ал оң жоқ көзіндегі кірпігі одан сәл қысқалау.

Әйел кірпігі не себепті тоқтаусыз өсетінін әлі күнге дейін түсінбейтінін айтады. Ол тіпті, талай рет бұл мәселемен дәрігерлерге де қаралғанын алға тартты. Алайда, ақ халаттылар да бұған жауап таба алмай, таңданумен ғана болады екен.

Ю Цзян өз ерекшелігін "Будданың сыйы" деп санайды.

"Мен бұл ерекшелікке ғылыми тұрғыдан жауап іздеп, тұқым қуалайтын мутация ма деп те ойладым. Бірақ отбасымда ешбір жанның кірпігі мұншалық ұзын емес", - дейді әйел.

Бір қызығы Ю Цзянның кірпігі тек 2015 жылдан бастап тоқтаусыз өсе бастаған. Ақыры 2016 жылы 12,4 сантиметр кірпігімен ол Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Бүгінде Ю Цзян өз рекордын қайта жаңартып отыр.

Еске салсақ, бұған дейін әлемдегі ең ұзын шашқа ие жасөспірім туралы жазған едік.

Сонымен қатар, 6 жасар бала әлемдегі ең жас программист атанып, рекорд орнатқанын хабарлаған болатынбыз.

Одан бөлек, Қытай тұрғыны әлемдегі ең ұзын бойлы жасөспірім атағына ие болып, рекорд жаңартқанын жазған едік.

Жеткіншектің бойы - 221,03 сантиметр. Анасы мен әкесі оны бірнеше рет медициналық тексеруден өткізген. Дегенмен дәрігерлер жасөспірімнің денсаулығында ешқандай кінәрат жоқтығын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1917923-kirpigin-20-santimetrge-deiin-osirgen-aiel-ginnestin-rekordtar-kitabyna-endi-video/