jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Әлемдегі ең ұзын тілге ие жігіт рекорд орнатты (фото)

Тіл
Көрнекі сурет: pixabay.com

Үндістанда әлемдегі ең ұзын тілге ие азамат табылды деп хабарлайды lenta.ru.

Бұл туралы жергілікті LADbible басылымы жазған.

Правин есімді 20 жастағы үндістандық жігіт әлемдік рекордты жаңартты. Оның тілінің ұзындығы 10,8 сантиметрді құрайды, бұл бұрын тіркелген рекордтан жеті миллиметрге көп.

Правин тілін мұрны мен шынтағына оңай жеткізе алады. Үндістанның рекордтар кітабының ресми өкілдері бұл жетістіктерді тіркеуге алған.

Правин
Правин. Фото: India Book of Records / YouTube

Айта кетсек, Гиннестің рекордтар кітабына сәйкес, 2012 жылдан бастап АҚШ тұрғыны Ник Стоулбергтің тілі ең ұзын деп саналып келген. Оның тілінің ұзындығы 10,1 сантиметр болатын.

Ал оған дейінгі рекорд 2002 жылы Ұлыбританияда тіркелген. Ол Стивен Тейлорға тиесілі болған, оның тілі 9,8 сантиметр болатын.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ тұрғыны әлемдегі ең үлкен ауызға ие болуының арқасында әлемдік рекорд жаңартқанын жазған едік. Жасөспірімнің аузына бейсбол добына дейін оңай сыйып кететіні талайды таңырқатқан.

Сондай-ақ, 112 жастан асқан Пуэрто-Рико тұрғыны Эмилио Флорес Маркес бүгінгі таңда әлемдегі ең қарт ер адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына еніп отыр.

101 жасында жүрегіне ота жасаған Эмилионың денсаулығы бүгінде бірқалыпты. Ол бақытты ғұмыр кешу үшін ашу-ызаны ұмытып, бәріне сүйіспеншілікпен қарай білу керектігін айтады.

Әлемдегі ең ұзын тілге ие жігіт рекорд орнатты (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.