Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үндістанда 70 жастағы зейнеткер тұңғышын босанды (фото)

Жарияланған күні:

Үндістан
Фото: Jam Press/Rare Shot News

Үндістанның Гуджарат штатында 70 жастағы әйел алғашқы перзентін дүниеге әкелді деп хабарлайды Lenta.ru.

Дживунбен Рабари мен оның 75 жастағы күйеуі Малдхаридің отасқанына 45 жыл болған. Олар осы уақытқа дейін қанша талпынса да балалы бола алмаған.

Дегенмен мамандардың көмегіне жүгінген ерлі-зайыптылар жасанды ұрықтандыру әдісі арқылы сәби сүю бақытына бөленген.

Әйелге ем-дом жасаған дәрігер Нареш Бханушалидің айтуынша, аурухана қызметкерлері зейнеткер мен оның күйеуіне мұндай жаста балалы болуға болмайтынын түсіндірген. Алайда олар өз дегенінен қайтпапты.

"Олар дәл осындай қадамға барған туыстарының көп екенін айтты. Бұл менің есімде қалған сирек жайттардың бірі", - дейді Нареш Бханушали.

Жаңа босанған әйелдің нақты қанша жаста екені белгісіз, өйткені Дживунбен Рабаридің жасын растайтын ресми құжаттар жарияланбаған. Алайда үндістандық БАҚ-тың хабарлауынша, әжей 70 жаста.

Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ-тың Даллас қаласында өзін бедеумін деп ойлап келген әйел көпшілікті таңғалдырып, бірден бес баланы өмірге әкелгенін жазған едік.

28 жастағы Бренда Раймундо бірнеше жылдан бері сәби сүйе алмай келген. Күйеуі екеуінің тексерілмеген дәрігері қалмай, әйелге поликистозды аналық без синдромы диагнозы қойылған.

Балалы болудан үміт үзсе де, ерлі-зайыптылар бедеулікті емдейтін маманның көмегіне жүгінген. Дәрігер науқасқа аналық безінің дамуына ықпал ететін дәрі тағайындаған.

Екі айдан кейін емнің әсері байқалып, келіншектің аяғы ауыр екені, УДЗ жасау кезінде Раймундо отбасында бірден бес нәресте өмірге келетіні анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1937740-undistanda-70-zastagy-zeinetker-tungysyn-bosandy-foto/