Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Кореяда қатты күлуге және жылауға тыйым салынды

Опубликовано:

Фото
Фото: Ким Чен Ын. Фото: Chung Sung-Jun/Getty Images

Солтүстік Кореяда 17 желтоқсаннан бастап қатты күлуге және жылауға тыйым салынды. Бұл ереже Ким Чен Инның ел басқарғанына және әкесінің өліміне 10 жыл толуына байланысты қабылданып отыр, деп хабарлайды ТСН.

Басылым мәліметінше, былтырғы аза тұту күндері мас күйде жүрген азаматтар тұтқындалған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар идеологиялық қылмыскерлер болып саналған.

"Сіздің отбасыңыздың мүшесі аза тұту күні қайтыс болса да, қатты жылауға тыйым салынады. Ал мәйітті аза тұту күндері біткен соң шығару қажет. Адамдар аза тұту күніне сәйкес келсе, тіпті, өз туған күнін тойлай алмайды",- дейді жергілікті тұрғындар.

Ал Оңтүстік Хванхе оңтүстік-батыс провинциясындағы тағы бір дереккөз полицейлер қатты қайғырмай жүрген азаматтарды іздей бастағанын хабарлады.

Ким Чен Ирдың өліміне байланысты аза тұту жыл сайын 10 күнге созылатын. Енді Ким Чен Инның билікке келуіне 10 жыл толуына байланысты 11 күнге ұзартылды.

Айта кетейік, Ким Чен Ир Солтүстік Кореяны 1994 жылы әкесі Ким Ир Сен қайтыс болғаннан кейін басқарды. Ол 2011 жылы жүрек талмасынан көз жұмды. Осылайша, билік тізгінін оның ұлы Ким Чен Ин алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1947732-soltustik-koreyada-qatty-kuluge-zane-zylauga-tyiym-salyndy/

pixel