Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байқаусызда арақ ішіп қойса, Алладан қалай кешірім сұрау керек

Опубликовано:

Байқаусызда арақ ішіп қойса не істеу керек
Көрнекі сурет: pixabay.com

Байқаусызда арақ ішіп қойса не істеу керек? Бұл көпшілік көкейінде жүрген сауалдардың бірі. Дінтанушы әрі имам Нұрлан қажы Байжігітұлы бұл сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Имамның айтуынша, адам байқаусызда арақ ішіп қойса, оған күнә жазылмайды.

"Егер адам білмей немесе байқаусызда арақ ішкен болса, ол күнә деп есептелмейді. Мәселен бір ыдыста тұрған алкогольді сіз су деп ойлап, ішіп қойдыңыз. Сіз мұны әдейі істеген жоқсыз, сондықтан, дереу Алладан кешірім сұрау қажет. "Астағфиралла! Мұны әдейі істемедік, кешіре гөр Алла", - деп айтқан дұрыс", - дейді Нұрлан қажы Байжігітұлы.

Имам күнәдан аулақ болған жанның өмірі де бір қалыпқа түсетінін алға тартты.

"Егер адам біліп тұрып күнә істеп, кейін тәубесіне түсіп, Алладан кешірім сұраса және ол күнәсін кейін қайталамаса, бұл да кешіріледі. Жаратқанның мейірімі шексіз. Егер одан тынбай кешірім сұрасаңыздар, күнәдан аулақ болсаңыздар, өміріңіз де бір қалыпқа түседі", - дейді Нұрлан қажы.

Еске салсақ, бұған дейін ішімдіктен кейін масаң күйде жасалатын қандай әрекет өмір үшін аса қауіпті екенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1976146-baiqausyzda-araq-isip-qoisa-alladan-qalai-kesirim-surau-kerek/

pixel