Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйелдердің гинеколог ер адамның қабылдауында болуы дұрыс па?": Имам діни тұрғыдан жауап берді

Опубликовано:

Әйелдердің гинеколог ер адамға барғаны дұрыс па
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ауырып қалған адамдардың мұсылман дінін ұстанбайтын дәрігерге қаралуына бола ма? Әйелдердің гинеколог ер адамның қабылдауында болуы дінде харам санала ма? Бұл сұрақтарға дінтанушы, имам Нұрлан қажы Байжігітұлы жауап берді.

"Егер мұсылман адам қатты сырқаттанып, мұсылман емес дәрігерге қаралатын болса, мұнда тұрған ештеңе жоқ. Бұл проблема емес. Өйткені, өмір — Алланың адамға берген аманаты. Біз сол аманатты сақтаушымыз. Денсаулық — аманат, оны сақтауымыз керек. Алла берген нығметтерді құрметтеуге тиіспіз. Сондықтан дәрігер мұсылман ба, басқа діннің өкілі ма, маңызды емес.

Ал әйел адамдарға қатысты кішігірім нюанс бар. Егер мұсылман мемлекетінде өмір сүретін адам болса, келіншектердің гинеколог әйелдердің қабылдауында болғаны дұрыс. Яғни әйел адамдар әйелге, ер адамдар ер адамға қаралғаны нұр үстіне нұр болады. Тек мұндай мүмкіншіліктер жоқ болып, гинеколог ер адамнан басқа дәрігер табылмаса ғана әйелдердің ер дәрігерлерге қаралғаны әбестік емес. Мейлінше, гинекологтардың әйел адам болғаны дұрыс", — деді имам.

Еске сала кетелік, бұған дейін Нұрлан Байжігітұлы арақ ішкен адам күнәсінен қалай арылу керектігін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1977588-aielderdin-ginekolog-er-adamnyn-qabyldauynda-boluy-durys-pa-imam-dini-turgydan-zauap-berdi/

pixel