jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

"Шошқаның етін жеп қойған адам не істеу керек?": Белгілі дінтанушы даулы сұраққа жауап берді

Шошқаның етін жеген адам не істеу керек
Көрнекі сурет: pixabay.com

Мұсылмандар үшін шошқаның еті харам саналады. Ал жабайы қабанның етін жеуге бола ма? Егер байқаусызда шошқа етін жеп қойса, не істеу керек? Бұл сұрақтарға дінтанушы Нұрлан қажы Байжігітұлы жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дінтанушының сөзінше, мұсылмандар үшін шошқаның да, жабайы қабанның да еті харам саналады.

"Қабанды жабайы болғаны үшін жей беруге болмайды. Себебі шошқаның да, қабанның да түбі бір. Екеуі де біздің асыл дінімізде харам саналады, екеуінің де етін жеуге рұқсат жоқ.

Ал егер байқаусызда шошқаның немесе қабанның етін жеп қойса, Алладан кешірім сұрап, тәубеге келу қажет. Тоқтаусыз кешірім сұрайтын болса, мейірімі шексіз Алла бәрін де кешіреді.

Содан соң, харам етті жеп қойған адам дереу тәубесіне түсіп, бір жақсылық жасайтын болса, күнәсі жеңілдей түседі. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін адамдарға жақсылық жасап, басқаларды қуантуға тырысу керек", - дейді Нұрлан қажы Байжігітұлы.

Айта кетелік, бұған дейін Нұрлан қажы Байжігітұлы әйелдердің гинеколог ер адамдарға қаралуына қатысты пікірін айтқан болатын.

"Шошқаның етін жеп қойған адам не істеу керек?": Белгілі дінтанушы даулы сұраққа жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.