Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сүндеттелмеген ер адам мұсылман қатарына жата ма?": Имам ел арасындағы жалған пікірлерді айтты

Опубликовано:

Имам сүндеттелуге қатысты пікірін айтты
Көрнекі сурет: pixabay.com

Дінтанушы Нұрлан қажы Байжігітов сүндеттелмеген ер адамдарға қатысты жаңсақ пікірлерді айтып, KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берді.

"Мұсылман дініндегі адам сүндеттелсе де, сүндеттелмесе де мұсылман қатарына жатады. Мұсылмандық ер адамның сүндеттелгенімен шектелмейді. Мұсылман дегеніміз - асыл дінімізді жүрегімен қабылдаған, жаратушы Аллаға шын жүрегімен сенген адам. Қазір арамызда кеңінен таралған бір түсінік бар. Сүндеттелген баланы мұсылман болды деп жатады. Бұл - қате. Адам мұсылман болып туылады, әлмисақтан мұсылман болып жаратылады. Тек сүндеттеген соң бұлай айтқан дұрыс емес.

Сондай-ақ ел арасында құрбандық малын соятын адам сүндеттелген болуға тиіс деген қате пікір кездеседі. Бұл да дұрыс емес. Тіпті қайтыс болған адамның сүндеттелгенін тексермейді ешкім. Оның қасында, мал сою үшін сүндеттелген адам іздеу күлкілі нәрсе. Халық арасында тез таралып, көпшілік іліп әкеткен, бірақ шындыққа жанаспайтын дүние. Сөздің тоқетерін айтар болсам, сүндетке отыру әр адамның өз қалауындағы нәрсе. Бірақ дінімізде сүндетке отыру сүннет болып саналады", — дейді Нұрлан қажы.

Еске сала кетейік, бұған дейін дінтанушы байқаусызда шошқа етін жеген адамдар не істеуі қажеттігін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1978329-sundettelmegen-er-adam-musylman-qataryna-zata-ma-imam-el-arasyndagy-zalgan-pikirlerdi-aitty/