jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Германияда көрмеге салмағы 1 тоннаға жуықтайтын асқабақ қойылды

"Алып" асқабақ
"Алып" асқабақ. Видеодан кадр: "Хабар24"

Германия астанасы Берлинде асқабақтар көрмесі басталды. Көрмеге әлемдегі ең үлкен асқабақ та қойылған, деп хабарлайды "Хабар24" арнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, көрмеге асқабақтың әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген 500 түрі қойылған. Олардың арасында салмағы 1 тоннаға жуықтайтын асқабақ та бар. Шаруа Оливер Граф оған күнде 100 литр су құйған екен.

Көрмеге келушілер де "алып" асқабақты көріп, таңданысын жасыра алмаған.

"Мұндай үлкен асқабақты өмірімде бірінші рет көрдім. Балаларымыз бұл жерді "Асқабақтар елі" деп жатыр", - дейді көрмеге келушілердің бірі.

Сондай-ақ биылғы көрме аясында "Асқабақтар джунглиі" деген атпен инсталляция да жасалған. Оған 100 мың асқабақ қолданылған. Қызықты іс-шара екі аптаға созылады. Көрме аяқталған соң адамдар өзіне ұнаған асқабағын сатып ала алады.

Айта кетелік, бұған дейін Павлодар облысында 84 жастағы әжей "алып" қияр өсіргенін жазған едік.

Германияда көрмеге салмағы 1 тоннаға жуықтайтын асқабақ қойылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.