jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанның оңтүстігінде сирек кездесетін аң фототұзаққа ілікті

фототұзаққа іліккен үнді жайрасы
Фототұзаққа іліккен үнді жайрасы. Видеодан кадр: instagram.com/karatau_nature_reserve

"Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының" аумағында қойылған фототұзаққа үнді жайрасы ілікті. Сирек кездесетін аңның видеосы қорықтың Instagram-дағы парақшасында жарияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қорықтың мәліметінше, үнді жайрасы – кеміргіштер отрядына (Rodentia), жайратектестер тұқымдасына (Hystricidae) жатады, Қазақстанның IV санаттағы сирек әрі аз зерттелген түрі.

Мекендейтін жері – тау шатқалдары, қыратты-жартасты жерлер және тау етектері. Көбіне түнде белсенді болады.

Ең қызығы, денесінде мыңдаған ине болса да, олардың жалпы салмағы бар болғаны 100 граммдай.

Аяқтары қысқа, бірақ ін қазуға арналған тырнақтары өте мықты келеді.

Айта кетелік, бұған дейін "Сайрам-Өгем" ұлттық паркінің аумағында үнді жайрасы фототұзаққа іліккен еді.

Қазақстанның оңтүстігінде сирек кездесетін аң фототұзаққа ілікті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.