Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енеңізден күйеуіңізді қызғанбаудың әдіс-тәсілдері

Опубликовано:

Енеңізден өз күйеуіңізді қатты қызғанатын болсаңыз, үнемі сол үшін кикілжіңге келетін болсаңыз, отандық психологтың кеңесіне құлақ түріңіз деп жазады anabol.kz.

"Күйеуіңізді енеңіз қызғанатындай жағдай тосын емес, әрине іштен шыққан баласын кім қызғанбайды дейсіз? Бірақ енеңіз араңызға түсіп қатты қызғанатындай болса, онда жағдайды бір ретке келтіру керек. Сабырмен қарап қорытынды жасап соңына дейін күтіңіз", - дейді психолог Балжан Қанапияева.

Сонымен маманның кеңестері келесідегідей:

1. Енеңізге күйеуіңіздің ерсі қылықтарын айтып, басын қатырмаңыз. Тек жақсы жақтарын айтыңыз;

2. Күйеуіңізден енеңізді қатты қызғанатын болсаңыз, енеңізге өз ренішіңізді көрсетпеуге тырысыңыз. Ол кісінің қартайған шағында бала секілді сізден жақсы қолдаумен жақсы сөз естігісі келеді;

3. Қызғануға себеп болмаса, ұрыс шығарып күйеуіңізге енеңізді жамандамаңыз;

4. Енеңізді өз анаңыздай құрметтеп сыйлаңыз;

5. Баласы үшін шыр-пыр болып жүретін анасынан артық кім бар деп ойлайсыз, енеңіз де сол секілді жаны шығып баласының қамы үшін келінін де ренжітіп алады. Сіздің де ұлыңыз бен қызыңыз ер жетіп, үйлі-баранды болғанда, сондай жағдайда болғанын қаламайтын шығарсыз? Ендеше енеңізге түсіністікпен қараңыз;

6. Әрдайым күлімдеп  жүріңіз;

7. Жақсы мақтауларды көбірек айтыңыз, ақыл айтса тыңдаңыз;

8. Ерте тұруға дағдыланыңыз, өйткені бұл күні бойы сергек жүруге ықпал етеді;

9. Енеңізге соңғы рет қандай жақсы сөз айтқаныңызды есіңізге түсіріңіз;

10. Енеңізбен соңғы рет қашан ашық-жарқын әңгіме айтқаныңызды еске түсіріңіз;

11. Дәмді тағамдардың түр-түрін жасауға дағдыланыңыз.

Шаңырақтың құты мен берекесі аналардың қолында екенін білетін боларсы? Қызғанышқа бой алдырған келіндер отбасындағы қарым-қатынасты адам көріспейтіндей жағдайға әкеліп жататыны рас. Арадағы жақындықты жандандырудың бір жолы - енеңіздің көңілін мейіріммен жібіту.

Тағы да оқыңыздар:

Дене пішініне қарай жыныстық позаны таңдау (+18)

Әйелдердің 99%-ы жіберетін жеті қателік

Секспен дәл қазір айналысу үшін 10 себеп

Алматылық келіншек отбасы қаржысын үнемдеудің сырын ашты

Жыныстық қатынас қаншалықты жиі болуы керек?

Ислам дініне сәйкес баланы қалай тәрбиелеу керек?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1133216-enenhizden-kuyeuinhizdi-qyzghanbaudynh/

pixel