Кей адамдар мағынасын түсінбесе де, миллиондаған қаржыға сатылған 15 картина
Жарияланған күні:

Қылқалам шебері, педагог, философ Казимир Малевич өзінің "Қара шаршы" картинасын "ғарыштық сананың" әсерімен салғанын айтады. Алдағы 15 шығарманың авторлары неден шабыт алғанын білмесек те, бұл картиналар сатып алушыларды қыруар ақша жұмсап, тәуекелге баруға итермеледі. Осы орайда BIG Picture болашақ иегерлері миллиондарын аямаған 15 картинаны назарларыңызға ұсынады.
Лучо Фонтана. "Кеңістік тұжырымдамасы. Күту" — 1,5 млн доллар.

Герхард Рихтер. "Қанды қызыл айна" — 1,1 млн доллар.

Эльсуорт Келли. "Жасыл ақ" — 1,6 млн доллар.

Блинки Палермо. "Атауы жоқ" — 1,7 млн доллар.

Эльсуорт Келли. "Ковбой" — 1,7 млн доллар.

Жоан Миро. "Ит" — 2,2 млн доллар.

Барнетт Ньюман. "Ақ жалын I" — 3,8 млн доллар.

Кристофер Вул. "Көк ақымақ" — 5 млн доллар.

Марк Ротко. "Атауы жоқ" — 28 млн доллар.

Кристофер Вул. "Көтеріліс" — 29,9 млн доллар.

Барнетт Ньюман. "Onement VI" — 43,8 млн доллар.

Сай Твомбли. "Атауы жоқ" — 69,6 млн доллар.

Барнетт Ньюман. "Қара жалын I" — 84,2 млн доллар.

Марк Ротко. "Қызғылт сары, қызыл, сары" — 86,9 млн доллар.

Барнетт Ньюман. "Аннаның жарығы" — 105,7 млн доллар.

Еске салсақ, бұған дейін ерекше жерде орналасқандықтан, туристер арасында танымал орынға айналған мекемелер жайлы жазған болатынбыз.
Мысалы, Ithaa Undersea Restaurant – Мальдив аралында орналасқан Conrad Maldives Rangali Island қонақүйіне тиесілі екі жекеменшік аралдың біріне жақын орналасқан су астындағы мейрамхана. Мейрамхана бес метр тереңдікте орналасқан. Мейрамхананың төбесі берік ашық акрилден жасалған, соның арқасында келушілер айналасындағы су асты әлеміне, жүзіп жүрген балықтарға және әдемі маржандарға таңдана алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/leisure/entertainment/1899184-kop-adam-magynasyn-tusinbese-de-milliondagan-qarzyga-satylgan-15-kartina/