Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан ең бай адамдардың өсімі бойынша АҚШ-ты басып озды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан ең бай адамдардың саны көбейіп жатқан елдердің рейтингінде 7 орыннан көрінді. Осылайша еліміз АҚШ-ты басып озған.

Knight Frank-тің 2021 жылға арналған зерттеулеріне сәйкес, өте бай адамға дәулеті 30 миллион доллардан (шамамен 12,586 миллиард теңге) асатын немесе оған тең болатын адам жатады.

Зерттеуде коронавирус пандемиясына қарамастан, әлемдегі ең бай адамдардың саны өткен жылы 2,4 есеге өскені сөз етілген.

Қазіргі уақытта олардың саны 520 мыңнан асады.

Ең жоғары өсім қарқыны Азияда байқалуда, онда ауқаттылар саны 12 пайызға өскен.

2020-2025 жылдарға арналған болжамға сәйкес, бай адамдардың өсімі ең жоғары сегіз елдің қатарына Қазақстан да кіріп отыр: еліміз 33 пайызбен 7-ші орында. Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша АҚШ-ты (өсім 24 пайыз) артта қалдырған.

Көш басында Индонезия (67 пайыз), екінші орында Үндістан (63 пайыз), үшінші орында Польша (61 пайыз) тұр.

байлық рейтинг
Диаграмма: : statista.com

Зерттеушілер ең бай адамдардың саны 2025 жылға қарай тағы 27 пайызға өсетінін атап өтті.

Олардың дені - 254 мың адам немесе 38 пайызы - АҚШ-та тұратын болады деп болжануда.

Болжамға сүйенсек, ал Азияда 25 пайыз өсім немесе шамамен 30 миллион доллардан астам байлығы бар 169 мың адам тұрмақ. Бұл Еуропадағы көрсеткіштерге тең келеді.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев еліміздің экономикасы қандай жағдайда екенін айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1902977-qazaqstan-en-bai-adamdar-sanynyn-osui-boiynsa-elder-reitinginde-aqs-ty-basyp-ozdy/

pixel