Елімізде микроқаржылық ұйымдардың несие проценті төмендейді
Опубликовано:
Елімізде микроқаржылық ұйымдардың несие проценті төмендейді. Мұндай жаңашылдық жаңа заңда көрсетілген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов заңдағы басты өзгерістердің бірі – микроқаржылық ұйымдардың несие процентіне қатысты екенін айтты.
"Заң жобасынбағы басты өзгерістердің бірі - Қазақстан территориясында берілетін несиелер оны банк, микроқаржылық ұйым немесе онлайн несиелеудің қайсысы берсе де, жылдық пайыздық мөлшерлемемен есептелетін болады. Бұған онлайн несие беретін ұйымдардың ерекше статусы болған еді.
50 АЕК-ге дейін қарыз беретін онлайн несие ұйымдары номиналды пайыздық мөлшерлеме қоюына болатын еді. Номиналды мөлшерлеме жылдық пайыздық мөлшерлемемен есептегеннен қарағанда жоғары процент қосылатын еді. Енді біз онлайн несиелендіруден осы статусын жойдық",- деді ол.
- Қазақстанда жұбайының рұқсатынсыз 3 млн 700 мың теңгеден асатын несие берілмеуі мүмкін
- "30 мың теңге": Арыста имамдар жаназа шығаруға ақы сұрайтыны рас па
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/banks/2105745-mikroqarzhylyq-uiymdardyng-nesie-protsenti-tomendeidi/