jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Жұмысы қалпына келді": министрлік меморгандар сайтының істен шығуына байланысты мәлімдеме жасады

    ноутбуктпен жұмыс істеп отырған адам
    Ноутбуктпен жұмыс істеп отырған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ сүйемелдейтін сервистердің жұмысы қалпына келтірілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    "Цифрлық даму министрлігі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ сүйемелдейтін сервистердің, соның ішінде eGov.kz порталының, eGov Mobile мобильді қосымшасының, E-license және Ашық үкімет порталдарының, мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасының, сондай-ақ Цифрлық құжаттар сервисінің жұмысы қалпына келтірілгенін хабарлайды.

    Сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және екінші деңгейлі банктер қосымшаларында мемлекеттік қызметтерді алу процесі қалпына келтірілді.

    Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, бұған дейін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ өкілдері мемлекеттік органдардың серверлік орталығы инфрақұрылымының желісінде техникалық ақау шыққанын хабарлаған еді.

    "Жұмысы қалпына келді": министрлік меморгандар сайтының істен шығуына байланысты мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.