jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Bek Air басшысы: Өзім отырамын, бірақ жігіттерімді ренжітуге жол бермеймін

    : Original

    Bek Air әуе компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов Алматыдағы ұшақ апатының себебін анықтап жатқан комиссия болған жағдайға экипажды кінәлі деп тапса не болмақ деген сауалға жауап берді деп хабарлайды

    KAZ.NUR.KZ.

    Фото: NUR.KZ
    Фото: NUR.KZ: Original

    Bek Air әуе компаниясының басшысы YouTube желісінде төтенше жағдайға қатысты сұрақтарға жауап берді.

    Ол ұшқыш пен әуе компаниясының айыпты екені дәлелденетін болса, компания басшысы жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын ба деген жүргізушінің сауалына жауап беріп, ештеңеден қашпайтынын мәлімдеді.

    Оның сөзінше, егер қажет болса өзі түрмеге отырып, өзінің жігіттерін сөзссіз қорғайды.

    "Мен сіздерге айтайын, ұшқыш өз ісін дұрыс атқарды. Егер әуе компаниясы кінәлі болса, өз жігіттерімді ренжітуге жол бермеймін. Олар үшін өзім отырып (абақтыға- ред) шығамын. Менің қарамағымдағылардың біреуі де отырмайды (абақтыға- ред) . Қайтыс болған ұшқышты да кінәламаймыз, ол ұшақты дұрыс басқарды",- деді ол.

    Жұмасұлтанов бұл жерде қазақстандық тасымалдаушының барлық қызметкерлерін айтып отырғанын атап өткен. Оның ішінде ұшу мен инженерлік қызмет басшылары да бар.

    "Егер Bek Air-ден біреу жазалануы тиіс деген мәселе туындаса мен жаза өтеуге дайынмын. Мен келіп, шын жүрекпен мойындау жазып, мені отырғызыңдар, басқа ешкімге тиіспеңдер деуге дайынмын", - деді әуе компаниясының басшысы.

    Айта кетсек, бұған дейін Нұрлан Жұмасұлтанов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу басқармасын басқарған. 2019 жылдың жазында өзінің қарамағындағы қызметкердің үстінен қылмыстық іс қозғалғандықтан өз еркімен қызметінен кеткен.

    Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

    Қайғылы оқиға салдарынан 12 адам қаза тауып, 49 адам әртүрлі жарақат алған.

    Кейіннен Bek Air әуе компаниясы брифинг ұйымдастырып, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Олар апатқа себеп болуы мүмкін нұсқаны да атады.

    Bek Air басшысы: Өзім отырамын, бірақ жігіттерімді ренжітуге жол бермеймін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.