jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандағы ең жемқор облыстар анықталды

    : Original

    2020 жылдың 13 ақпанында өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің брифингінде Превенция департаментінің басшысы Анар Жарова сөз сөйледі. Шенеунік өткен жыл мониторингінің қорытындысын жариялап, Қазақстан саясаты мен экономикасындағы жемқор салаларды атады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Көрнекі фото: NUR.KZ
    Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

    Жиылған мәліметтерге сараптама жасаған соң Қазақстандағы ең жемқор бес министрлік белгілі болды. Олардың қатарында ҚР ІІМ, Қаржы министрлігі, Қорғаныс министрлігі, индустрия және инфрақұрылымдық даму ведомствосы, сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігі бар.

    Одан бөлек, парақорлықа және сыбайлас жемқорлықтың басқа да түрлеріне байланысты қылмыстары үшін сот үкімдерін алған шенеуніктердің саны ескерілген облыстар тізімі бар.

    Тізім бойынша, ең жемқор өңірлердің көшін Түркістан мен Шығыс Қазақстан облысы бастады. Осыған дейін бұл аймақтарда жемқорлық фактісі бойынша әкімшілік пен оның бөлімдерінен 37 адам сотталған.

    Екі өңірден кейінгі облыстарға 30 адам сотталған Жамбыл облысы мен 19 адам құрықталған Ақмола облысы жатады. Ал одан кейін көшті Қостанай мен Алматы облысы 15 адаммен жалғастырып отыр.

    Тізімді Маңғыстау, Қызылорда және Атырау облыстары сотталған 14 мемқызметкермен қорытындылады.

    Анар Жарова ұсынылған ақпараттарға тағы бір жинақты ұсынды. Мониторингіге сәйкес, жемқорлық бойынша білім беру саласы (54 эпизод), кейіннен жер қатынастары (29 эпизод), ал одан соң ауыл шаруашылығы саласы (27 эпизод) көш бастап тұр.

    Рейтингідегі соңғы екі орынға сәулет-құрылыс жөніндегі мәселелер мен Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері (25 және 19 эпизод ) орналасқан.

    Айта кетейік, осыған дейін пара туралы хабар берген қазақстандықтар 99 млн теңге сыйақы алғаны белгілі болды.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Қазақстандағы ең жемқор облыстар анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.