jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Құс тұмауының өршуі мен коронавирустың байланысы бар ма

    Тауық1
    Көрнекі фото: piqsels.com

    Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің басшысы онлайн-брифингте құс тұмауының өршуінің коронавирус пандемиясымен байланысы бар-жоғын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Тимур Сұлтанғазиев бұл жағдайдың коронавирусқа ешқандай қатысы жоқ екенін айтты, себебі коронавирус адамнан адамға жұғады, ал құс тұмауы - құстан құсқа өтетін ауру.

    Бұған дейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева қазіргі уақытқа дейін еліміздің бес облысы 26 ​​ауданының 47 елді мекенінде құстардың өлімі тіркелгенін айтқан болатын. Жалпы, шаруа қожалықтарында 12 мың құс қырылған. Өлім жағдайлары Солтүстік Қазақстан облысындағы құс фабрикасында тіркеліпті, онда 41 мың құс өлген.

    Сондай-ақ, көрші Ресейде тіркелген дәл осы құс тұмауы вирусының тарап жатқаны және бұл вирус адамдар үшін қауіпсіз екені белгілі болды.

    Исаева үш жыл ішінде құстың орташа айлық нарықтық құнына сәйкес, өлген құс үшін өтемақы төлемдерін әр қожайынға республикалық эпизоотияға қарсы жасақ төлейтінін айтты. Осы мақсаттарды іске асыру аясында қазірге дейін шамамен 390 миллион теңге қарастырылған.

    Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстандағы құс фабрикалары жақында құс тұмауының өршуіне байланысты жұмыссыз қалуы мүмкін екені туралы жазған едік. Кәсіпорындарда күн сайын құс саны он мыңға қысқарып жатқан көрінеді.

    Оған қоса, құс тұмауына байланысты жеті аудандағы он ауыл карантинге жабылған Солтүстік Қазақстан облысында үй құстарынан бөлек, жабайы құстар да қырылып жатыр.

    Құс тұмауының өршуі мен коронавирустың байланысы бар ма

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.