jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "СК-Фармация" басшысы 1 млн теңге жалақы алатын дәрігерлер туралы айтты

    ФОТо
    Көрнекі фото: pexels.com

    "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев өзімен бірдей жалақы алатын дәрігерлер туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

    Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте БАҚ өкілдері компания басшысының жалақысы туралы тағы сұрады. Осы орайда Ерхат Есқалиев отандық телеарнаға берген сұқбатында жалақының нақты көлемін жариялағанын еске салды.

    "Мен ол кезде айтқанмын, барлық алым-салықты алып тастағанда, шамамен, 1 миллиондай аламын. Осы жалақыны бақылаушылар кеңесі бекітті", – деді Есқалиев.

    "СК-Фармация" басшысы ай сайынғы жалақыны қалай жұмсайтынын айтқан жоқ.

    "Бұл – менің жеке мәселем", – деді Есқалиев.

    Осыдан кейін журналистер дәрігерлердің жалақысына қатысты тағы бір сұрақ қойды.

    "Дәрігерлер әлеуметтік мәселелерге көңіл бөлмей, тек өз жұмысымен айналысуы үшін ай сайын қанша алу керек деп ойлайсыз?", – деді БАҚ өкілдері.   

    "СК-Фармация" басшысы бұл мәселе оның құзіретіне кірмейтінін атап өтті. Бірақ өзімен бірдей жалақы алатын дәрігерлер бар екенін жеткізді.

    "Бізде барлық үстемақыны қоса алғанда кейбір дәрігерлер бір миллион теңгеден асатын жалақы алады. Ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған" – деді Есқалиев.

    Еске сала кетек, бұған дейін қазақстандық судьялардың ай сайын қанша теңге алатыны белгілі болды.

    Сонымен бірге "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев айына қанша жалақы алатынын мәлім еткен еді.

    "СК-Фармация" басшысы 1 млн теңге жалақы алатын дәрігерлер туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.