jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда "Спутник V" вакцинасының бағасы қанша теңге болмақ

    Қазақстанда "Спутник V" вакцинасы өндіріле бастады
    Фото: primeminister.kz

    Қарағандыда өндірілетін ресейлік "Спутник V" вакцинасының шамамен қанша тұратыны белгілі болды. Қазақстандықтар ресейліктерге қарағанда сәл қымбатырақ сатып алады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков Қарағандыда өндірілетін "Спутник V" вакцинасының шамамен қанша теңге тұратынын айтты.

    Спикердің сөзінше, вакцина Ресейде 2 мың рубль (11 мың теңге) тұрады. Ал қазақстандықтар сәл қымбатырақ сатып алады.

    "Шамамен қанша теңге болатыны қазір есептеліп жатыр. Ол үшін барлық шығындар мен логистиканы ескере отырып, вакцинаның өзін өндіруді пысықтау қажет. Менің ойымша, бізде вакцина Ресейдегіден сәл қымбат болады. Технологиялар трансферті мен түп негізі ресейлік екенін түсіну керек", - дедйі Нұрлыбек Асылбеков.

    Сондай-ақ ол кейбір азаматтар үшін вакцинацияның тегін болатынын атап өтті. Алайда Нұрлыбек Асылбеков бұл тізімге кімдер кіретінін нақтыламады.

    "Бірінші кезеңде, вакцинаның сапасы бақылаудан өткеннен кейін, біз 2 миллионға жуық адамға өз еркімен вакцина егуді жоспарлап отырмыз. Вакцинация тегін жасалады. Көпшілік білетіндей, вакцина екі компоненттен тұрады. Бірінші екпеден кейін организмге 21 күн керек, содан кейін екінші компонент салынады", - дейді Нұрлыбек Асылбеков.

    Еске сала кетсек, Қарағанды фармацевтикалық кешенінде "Спутник V" вакцинасының өндірісі басталды.

    Кешен базасында кезең-кезеңімен 2 млн доза вакцина өндіріледі.

    "Қазақстанда өндірілген "Спутник V"-мен жаппай вакцинация 2021 жылғы ақпан айында басталады. Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтарының өкілдеріне салынады", - деді Асқар Мамин.

    Қазақстанда "Спутник V" вакцинасының бағасы қанша теңге болмақ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.