jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    АМТ Костенко атындағы шахта кеншілерінің еңбекақысына қатысты мәлімдеме жасады

    Костенко атындағы шахта
    Костенко атындағы шахта. Иллюстрациялық фото: Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы

    "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Костенко атындағы шахта кеншілерінің еңбекақысына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ компанияның ресми сайтына сілтеме жасап.

    Компания таратқан мәліметке сүйенсек, 2023 жылғы 28 қазаннан бастап "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Костенко шахтасында барлық жұмыс түрі келесі бұйырық шыққанша тоқтатылған.

    Осы орайда компания мәлімдемесінде "АрселорМиттал Теміртау АҚ атқарушы директорының бұйрығына сәйкес Костенко атындағы шахта қызметкерлерінің еңбекақысы келесідей сақталатыны айтылған:

    • 2023 жылдың 1-27 қазан аралығында жоспар 100% орындалғандай үстеме ақы төленеді;
    • 2023 жылғы 28 қазан мен 31 қазан аралығында жұмыс тоқтатылған кезде орташа жалақы мөлшерінде төленеді;
    • басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілген қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 45-бабына сәйкес жалақы атқарған жұмысына сәйкес, бірақ негізгі жұмыс орны бойынша орташа жалақысынан төмен емес көлемде төленеді.

    Компания өкілдері кеншілердің еңбекақысы төмендемейтінін атап өтті.

    Айта кетейік, бұға дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр "АрселорМиттал Теміртауды" қазақстандық инвестор сатып алатынын мәлімдеген еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.