Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роман Скляр "АрселорМиттал Теміртауды" қазақстандық инвестор сатып алатынын айтты

Опубликовано:

"АрселорМиттал Теміртау"
"АрселорМиттал Теміртау". Фото: gov.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр үкіметте өткен брифингте "АрселорМиттал Теміртауды" қазақстандық инвестор сатып алатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алайда Роман Скляр ақпараттың құпия екенін айтып, "АрселорМиттал Теміртауды" нақты қандай компания сатып алатынын мәлімдемеді.

"Бұл – отандық инвестор. Ол кәсіпорынды нарық бағасымен сатып алады", - деді ол.

Премьер-министр бірінші орынбасарының айтуынша, жаңа инвестор қысқы уақыттың ішінде нәтиже көрсетуі тиіс. Әсіресе, өнеркәсіп қауіпсіздігі мәселелеріне айрықша назар аударылмақ.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанға қараған түнде Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Апат салдарынан 46 кенші қаза тауып, 20-дан аса кенші зардап шекті.

2023 жылғы 29 қазан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қайғылы жағдайдан кейін Қазақстан билігі компаниямен ынтымақтастықты тоқтатып, меншігін мемлекет иелігіне алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044112-roman-sklyar-arselormittal-temirtaudy-qazaqstandyq-investor-satyp-alatynyn-aitty/

pixel