"Бонус пен сыйақы жоқ": "Қазпошта" басшысы қанша жалақы алатынын айтты
Опубликовано:

Мәжілісте кулуарында "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова 1 млн теңгеден аса жалақы алатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды
Әсел Жанасованың айтуынша, айлықты басқа ұлттық компаниялардың деңгейінде алады.
"1 млн 200 мың теңге аламын. Бұл басқа ұлттық компаниялардың деңгейінде деп білемін. Жасыратыны жоқ, шын мәніде солай. Бонус пен сыйақы туралы сұрақтар қойылады. Бізде антикризистік жоспар бар. 2023 жылы ғана қаражат жағынан жақсардық. Бонус пен сыйақы алмаймыз", - дейді "Қазпошта" басшысы.
Оның сөзінше, компанияда бонус пен сыйақы қарастырылмаған.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасованы қабылдады.
2022 жылғы 3 қазаннан бастап "Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасының шешімімен "Қазпошта"АҚ Басқармасының төрағасы болып тағайындалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2196012-bonus-pen-syilyqyny-almaimyz-qazposhta-basshysy-qansha-zhalaqy-alatynyn-aitty/