jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    Илон Маск тарихта 400 млрд доллары бар алғашқы адам атанды

    Илон Маск
    Илон Маск. Фото: Apu Gomes/Getty Images

    Илон Маск тарихта дәулеті 400 млрд долларға жеткен алғашқы адам атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Bloomberg сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

    Маск дәулеті АҚШ президент сайлаудан кейін едәуір артты.

    Басылым мәліметінше, Илон Масктың дәулеті тарихта алғаш рет 400 млрд доллардан асты. Миллиардер байлығының көбеюуіне оның SpaceX акцияларын саудаға шығаруы себеп болды. Содан кейін компания бағасы 350 миллиард доллар деп есептеліп, әлемдегі ең қымбат стартапқа айналды.

    "Осыдан кейін Маск дәулеті бір сәтте 50 млрд долларға артып, 439,2 миллиард долларға жетті", - деп жазды басылым.

    Мәліметтерге қарағанда, оның дәулеті Дональд Трамп АҚШ президентін сайлауда жеңіске жеткеннен кейін 66 пайызға артқан. Себебі Маск жаңа сайланған президенттің саяси демеушісі әрі жақтасы.

    Масктың жаңа президент әкімшілігінен маңызды қызметке тағайындалуы да оның дәулетін өсіре түскен.

    Илон Маск алғаш рет әлемнің ең дәулетті адамдарының рейтингін 2022 жылы бастаған. Былтыр Tesla мен SpaceX компанияларының негізін қалаушы, сонымен бірге X әлеуметтік желісінің қожайыны Илон Маск әлемдегі ең бай адам атағын қайтарып алды.

    Биыл қарашада Дональд Трамптың сайлаудағы жеңісі әлемнің ең бай адамдарына дәулетін одан сайын арттыруға көмектесті. Илон Маск, Джефф Безос және басқа да кәсіпкерлердің дәулеті миллиардтаған долларға өсті.

    Илон Маск тарихта 400 млрд доллары бар алғашқы адам атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.