jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Қымбат болмайды": Астана әкімі LRT пойызындағы жолақысы туралы айтты

    LRT құрылысы
    Астанадағы LRT. Фото: instagram.com/cts_kz

    Астанада жұмадағы брифингте астана әкімі Жеңіс Қасымбек бір жылдан кейін іске қосылатын LRT пойызымен жүру ақысы туралы сауалға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Елорда әкімі LRT пойызымен жүру ақысы есептеліп жатқанын атап өтті.

    "Біз эстакада бойынша құрылыс жұмыстарын толық дерлік аяқтадық. LRT-ның барлық инфрақұрылымы жазда дайын болады. Қазір рельс төсеп жатырмыз. Көктемде дабыл жүйесін орнатамыз. Алғашқы пойыздар 2025 жылдың тамыз-қыркүйек айларында жеткізіледі. Күзде барлығы 15 пойыз келеді деп жоспарлап отырмыз. Техникалық қозғалыс жыл аяғында ашылады, ал 2026 жылдың басында толықтай іске қосылады.

    Жобалау кезінде тәулігіне 20 мың адам тасимыз деп жоспарлағанбыз. Қазір одан да көп болатынын түсініп отырмыз. Бірнеше есе көп болуы мүмкін. Сол себепті жол ақысы қайта есептеліп жатыр. Қазір нақты бағасын айта алмаймын. Бірақ қоғамдық көлік түрі болғандықтан, тұрғындардың бәрінің қалтасы көтеретіндей баға белгілейміз. Сол себепті жол ақысы қымбат болмайды", - деп мәлімдеді Жеңіс Қасымбек.

    Бұған дейін қала әкімі LRT құрылысының барысы туралы Астана мәслихатының отырысында баяндаған.

    Оның алдында жеңіл рельсті көлік (LRT) желісіне рельс төселіп жатқанын жазғанбыз.

    "Қымбат болмайды": Астана әкімі LRT пойызындағы жолақысы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.