jitsu gif
Қаржы

    Қазақстанда IT саласының мамандары қанша табыс табатыны белгілі болды

    IT маманы
    IT маманы. Көрнекі сурет: pexels.com

    2024 жылы Қазақстанда IT саласы мамандарының орташа жалақысы 54 пайызға артып, 673 мың теңге болады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

    Қазақстан цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ресми Telegram-арнасында елдегі IT саласы мамандарының орташа жалақысы туралы мәлімет жариялады.

    "2024 жылы IT-мамандардың орташа айлық жалақысы 54 пайызға өсіп, 673 мың теңгеге жетті. Бұл білікті мамандарға, бәсекеге қабілетті еңбекке сұраныс артқанын көрсетеді. IT-саладағы жұмыспен қамту 12 пайызға артып, 187 мың адамға жетті", - деп хабарлайды министрлік.

    Бұған қоса, министрлік 2025 жылға қарай 20 мың IT-маман даярлауға бағытталған Tech Orda бағдарламасы іске қосылғанын, жеке IT-мектептер ақпараттық технологиялар саласында 16 мыңнан астам сарапшы дайындап шыққанын жазды.

    Айта кетейік, екі ай бұрын цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Қазақстанда IT саласы мамандарының орташа жалақысы 588 мың теңге екенін айтқан.

    Бұған дейін біз Қазақстанда кей сала мамандары 1 ​​миллион теңгеден жоғары жалақы алатынын жазғанбыз.

    Қазақстанда IT саласының мамандары қанша табыс табатыны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.