jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Мәжіліс депутаттары Салық кодексінің жаңа жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

    мәжіліс отырысы
    Мәжіліс отырысы. Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

    Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Салық кодексінің жаңа жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жаңа жобада қоғамда қызу талқыланған қосылған құн салығын 16 пайызға дейін көтеру көзделген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Депуттардың басым көпшілігі жаңа Салық кодексін қолдап дауыс берді. Қалыс қалғандар саны – 9, қарсы болғандар – 7, бір депутат дауыс бермеді.

    Айта кетейік, Салық кодексінің жаңа редакциясын бүгін депутаттарға премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин таныстырды.

    Жаңа Салық кодексінің жобасында қосылған құн салығының мөлшері 16 пайыз, тіркеу шегі 40 миллион теңге мөлшерінде белгіленген.

    Сондай-ақ министр қосылған құн салығынан кім және қандай салалар босатылатынын, қандай қымбат тауарлар үшін салық мөлшерлемесін арттыру ұсынылып отырғанын айтты.

    Мәжіліс депутаттары Салық кодексінің жаңа жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.