jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Доллар – 540 теңге: Ұлттық банк ел бюджетіндегі валюта бағамына қатысты түсініктеме берді

    Доллар мен теңге
    Доллар мен теңге. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ерұлан Жамаубаев алдағы жылдарға арналған ел бюджетінде неліктен бір доллар 540 теңгеге бағаланғанын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңда бір доллардың 540 теңгеге бағалануы — индикативтік көрсеткіш қана. Бұл туралы сенат отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

    "Бюджеттік жоспарлауға енгізілген барлық нәрсе — индикативтік көрсеткіш, яғни Қаржы министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп қандай да бір бағдар белгілеуі керек.

    Олар бюджетті шамамен алынған қандай да бір валюта бағамынсыз есептей алмайды, сондықтан бұл бағам индикативтік қана. Бұл біздің таргет емес, осы бағамға қол жеткізуіміз керек деген мақсат емес", - деді Ерұлан Жамаубаев.

    Оның айтуынша, үкімет пен Ұлттық банктің мақсаты инфляцияны төмендету, ал валюта бағамы — бюджетті болжауға арналған көрсеткіш қана.

    Естеріңізге сала кетейік, 1 қазанда Қазақстанда доллардың ресми бағамы 549,06 теңгеге жетіп, тарихи рекорд жаңартқан болатын.

    Доллар – 540 теңге: Ұлттық банк ел бюджетіндегі валюта бағамына қатысты түсініктеме берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.