jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Елімізде аязға байланысты дизельді көліктер қозғалысын шектеу жоспарланып отыр

    Жолда бұзылған көлік
    Жолда бұзылған көлік. Көрнекі фото: Рexels.com

    "ҚазАвтоЖол" ұлттық автожол операторы өзінің ресми Telegram-арнасында ауа райының қолайсыздығына байланысты қазақстандықтарға үндеу жолдады. Компания өкілдері дизельді көліктер қозғалысын шектеу енгізу жоспарланып отырғанын ескертті.

    "ҚазАвтоЖол" Қазақстанда алдағы күндері ауа райы болжамына сәйкес, қатты аяз болатынын, ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендейтінін атап өтті.

    Мамандар ауа температурасының төмендеуі көліктердің жанармай жүйесінің қатып қалу қаупін тудыратынын баса айтады.

    "Ауа температурасының төмендеуіне орай дизельмен жүретін көліктердің отын жүйесінің қатып қалуы әбден мүмкін. Осыған орай республикалық маңыздағы күре жолдарда штаттан тыс жағдайларды болдырмау үшін Ұлттық оператор бірқатар өңірде дизельмен жүретін жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізбек.

    Республикалық автожолдарды пайдаланушыларды алыс сапарға шықпауға және ауа райы болжамын жіті бақылап отыруға шақырамыз", – дейді "ҚазАвтоЖол".

    Айта кетейік, автожолдар бойынша ахуалды "1403" байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы білуге болады.

    Еске салсақ, алдағы күндері елімізде Солтүстік антициклонның әсерімен 43 градусқа дейін аяз күтілетіні хабарланған болатын.

    Сонымен қатар, Астана әкімдігі тұрғындарға үндеу жасап, оларды көшеде көп жүрмеуге шақырды.

    Елімізде аязға байланысты дизельді көліктер қозғалысын шектеу жоспарланып отыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.